Атырау облысынан басқа барлық өңілерде су тасқыны аяқталды
Елімізде Атырау облысынан басқа барлық өңілерде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында - 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толды.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші - 89,8%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2%-ға толы.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 91%.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.