Бұл нысандар трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтады
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу және Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салуды бастады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, жаңа су қоймалары сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін көбейтуге және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда филиалдың қарамағында 4 су қоймасы бар.
Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.