×

Алматы облысында барымташылар ұсталды (ВИДЕО)

Зардап шеккендер шамамен 5 млн теңге шығынға батқан

 Дастан Жұмабекұлы 28.05.2024 | 15:37
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полицейлер екі барымташыны ұстады.

Polisia.kz-тің хабаралуынша, 24-26 мамыр аралығында Алматы облысында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға, қылмысқа қатысы бар адамдар мен топтарды анықтауға арналған «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық операциясы болды.

Облыстық Полиция департаменті КПБ бастығы Руслан Смағұловтың айтуынша, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл АПБ жедел уәкілдерімен бірігіп, Жамбыл және Қарасай аудандарында мал ұрлығымен айналысқан екі барымташыдан тұратын топты қолға түсірді.

Қазір олардың мал ұрлығына қатысты бес факт дәлелденді. Зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен 5 млн теңге болды.

Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама