×

Өзбекстанда қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлерді жұмыстан босатты

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 04.06.2022 | 11:39
Коллаж: Halyq Uni

Самарқанда қазақстандық туристерге күш қолданған екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды. Бұл туралы Өзбекстан ақпараттық агенттігі хабарлады.

Прокуратура оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі «Билікті немесе өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша іс қозғады.

Еске сала кетсек, 21 мамыр күні Самарқанның ІІБ қызметкерлері қазақстандық туристерді заңсыз ұстап, электрошокер қолданған.

Сонымен бірге Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат өзбекстандық әріптестеріне хат жолдап, өз азаматтарының құқығын қорғайтынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама