Былтыр 198 білім ордасына күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылды
Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биылғы жылы 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға арналған. Былтыр 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен болатын.
Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы – бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция, – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Бұдан басқа, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып жатыр. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдар 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге азайды. Осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ға жетті. Осы жылы көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу жоспарланып отыр.