×

Еліміздегі олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды

Үздік жүз мектеп анықталды

 Қымбат Елтайқызы 28.05.2024 | 14:04
фото: Halyq Uni

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша, бірінші орынды 6 мектеп, екінші орынды 6 мектеп және үшінші орынды 23 мектеп иеленді.

Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 баллға, күміс – 2 баллға және қола – 1 баллға бағаланды. 

Бұдан бөлек, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы үздік ауыл мектептері рейтингін жасады. 

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан барлығы 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден 191 оқушы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама