Halyq Uni логотип
×

Сот есірткі сатумен айналысқан подполковникке әріптестерінің көзінше үкім шығарды

Әскери қызметші 9 жылға бас бостандығынан айырылды

 Дәурен Ерболат 28.05.2024 | 13:16
Сот есірткі сатумен айналысқан подполковникке әріптестерінің көзінше үкім шығарды
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан подполковник 9 жылға сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Ақмола гарнизонының подполковник шеніндегі М. атты әскери қызметшісіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Ол синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, яғни закладчик болған.

Биыл 28 мамырда Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында сот отырысы өтті. ІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасының басшысы, полковник Мұхамед-Қали Қарсыбековтың айтуынша, көшпелі сот отырысы әскерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау үшін әскери қызметшілердің қатысуымен өткен.

Ақмола гарнизонының әскери соты М. атты әскери қызметшіні Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу») бойынша кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілемеу туралы үкім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама