Курс 29 және 31 мамырда жалғасады
Блокчейн және жасанды интеллект мектебі Назарбаев университетінің студенттері Асылхан Берікболов және Санжар Ревшановпен бірлесіп, «ЖИ бойынша курс: ChatGPT-ді практикалық пайдалану» бірегей тегін онлайн-интенсивті іске қосты. Бұл курсқа республика бойынша мыңнан аса адам қатысты.
Блокчейн технологиялары мен деректер орталықтары қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев курстардың маңыздылығына тоқталды.
Назарбаев университетінің студенттері өткізген бұл бірегей ЖИ курсы әрбір қазақстандықтың жұмысын оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға, инновациялық технологияларды жақындатуға, цифрлық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік береді, - деді Қарашев.
Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллект пен нейрожелілердің негіздері, олардың арасындағы айырмашылық, сондай-ақ заманауи нейрожелі және олардың мүмкіндіктері сияқты өзекті тақырыптарды зерделейді.
Сонымен қатар курс ЖИ-дің қалайша шынайы проблемаларды шешіп, кірісті ұлғайтуға және сыртқы нарықөа шығуға көмектесе алатынын көрсететін практикалық кейстерді қамтиды.
Сарапшылар ЖИ-ді пайдаланатын табысты компания мен кәсіпкерлерді мысал ретінде көрсетіп, ақпарат береді.
Алғашқы шеберлік сабағы 27 мамырда басталды. Осылайша 29 және 31 мамырда жалғасады.
Бұған дейін мектепте лицензияланған және тәжірибеден өткен мамандардан сараланған шеберлік сыныптары бойынша 700-ден астам адам оқыған.
Өзге де сұрақтар бойынша Блокчейн және жасанды интеллект мектебінің PR қызметі press@kabt.kz хат жолдау мүмкіндігі бар.