×

Екібастұзда көшені ыстық су басып кетті (ВИДЕО)

Қазір ақау шыққан жер анықталып, жөнделіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.05.2024 | 12:30
Фото: instagram.com/ekibastuz_live

Екібастұз қаласында гидравликалық сынақтарды жүргізу кезінде жылу желісінде ақаулар анықталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласындағы көшелердің бірінде ыстық су атқылап жатқан видео жарияланған болатын. Бейнежазбада дәріхана мен көшенің бір бөлігін су басқаны көрінеді. Коммуналдық қызметтің мәліметіне қарағанда, ақаудың шыққан жері анықталды. 

№ 62 орталық жылу пунктіне апаратын жылу желісінде ыстық сумен жабдықтауды іске қосу барысында зақымдану анықталды.  Нысандарға ыстық су беру ақау жойылғанға дейін тоқтатылды, – делінген хабарламада.

«Екібастұз жылу желілері» кәсіпорнының директоры Евгений Банченконың айтуынша, кеншілер қаласында магистральдік және орамішілік жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілді. Қазір ақау шыққан жер анықталып, жөнделіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама