×

Астанада құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз төккен КамАЗ жүргізушісі жазаланды

Қоғамдық орындарды ластаған 2 мың адам жауапқа тартылды

 Динара Амантай 28.05.2024 | 11:54
Фото: polisia.kz

Астанада құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз төккен КамАЗ жүргізушісі жазаланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

15 сәуірден бастап елордада қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция басталғалы 4 мыңнан астам құқықбұзушы қоқыстарды заңсыз тастағаны, қоғамдық орындарды ластағаны және басқа да абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 2800-ден астам, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2000 адам жазаға тартылды. Күн сайын полицейлер рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуы мүмкін жерлерде рейд жүргізіп, белгісіз орындарға қоқыс түсіріп жатқан адамдарды анықтайды.

Акция басталғалы полиция 30-дан астам жүк көлігі жүргізушісін жауапқа тартты. Осылайша рейдтік шаралардың бірінде Бейсеков көшесіндегі бос жерге құрылыс қалдықтарын түсіріп кеткен КамАЗ көлігінің жүргізушісі анықталды. Ол видеоға түсірілген. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабында көзделген әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар онымен заң талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық әңгіме болды, – делінген хабарламада.

Астана қаласының полициясы қоқыстың немесе құрылыс және басқа да қалдықтардың анықталмаған орындарда сақталуының куәгері болған жағдайда бұл туралы дереу уәкілетті органдарға және «102» пультіне хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама