×

Премьер-министр су тасқынынан келген залалды апта соңына есептеп бітіруді тапсырды

Үкімет басшысы кей өңірлерде бұл жұмыс баяу жүріп жатқанын айтты

 Дәурен Ерболат 28.05.2024 | 10:47
photo © Halyq Uni / Мейірбек Тажқұранов

Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге су тасқынынан келген залалды есептеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Көріп отырғанымыздай, жұмыс қарқыны кейбір өңірлерде төмен, баяу жүріп жатыр. Мысалы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында. Сондықтан әкімдерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтардың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмысты кешіктермей барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы (үкімет басшысының орынбасары), жағдайды қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Еске салайық, вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алғанын хабарлады. Вице-премьердің айтуынша, қазір 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылысына сараптама жүргізілген. Бұл зардап шеккен үйлердің жалпы санының 84%-ы. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй апатты деп танылды. Бағалау жұмысынан тек 11 134 үй өткен (64%).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама