Түркістан облысында жоғалған бала табылды
Бүлдіршін балабақшаның алдында ересек адамдардың қарауынсыз қалған
Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген баланы тауып, отбасына жеткізді.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 24 мамырда Бәйдібек ауданында болған. Полицияның аға сержанты таңғы уақытта күндізгі кезекшілікке бара жатып, балабақшалардың бірінің алдында ересек адамдардың қарауынсыз жүрген баланы байқап, тез арада аудандық полиция бөліміне хабар берген.
Іздестіру шараларынан соң бүлдіршіннің анасы табылды. Әйел полиция қызметкерлеріне дереу әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді.