×

Астанада қонақ үйдің кассасынан млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 27.05.2024 | 16:08
Фото: polisia.kz

Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Астана қаласы Полиция департаменті Есіл ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру операциясы кезінде қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы азаматты анықтады.

Ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық тұрған қонақ үйді көріп, күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқан кезде кассадан қомақты сома алып кеткен. Ол  пакетке оралған ақшаны алып, ақшаның жартысын жаратып үлгерген.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оның тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама