Қарағанды облысында қызылшамен ауырғандар екпе алмаған
Жыл басынан бері 1 756 адам ауруды жұқтырған
Қарағанды облысында жыл басынан бері 1 756 адам қызылшамен ауырған.
Ауру жұқтырған балалардың 98 пайызы екпе алмаған. Бұл туралы облыстың бас санитары Юрий Залыгиннің дерегіне сүйеніп, baq.kz хабарлады.
Қолда бар мәліметке қарағанда, облыста қызылша ауруын жұқтырып жатқандардың қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Осыған байланысты балаларға екпе салу мәселе күн тәртібінен түспей отыр. Облыста былтырғы жылдың қараша айынан бастап тиісті топтағы адамдарға қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салынып жатыр.
Осы уақыт аралығында 63 829 адамға екпе салынған.
Қарағанды облысының санитарлы-эпидемиялогиялық департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің айтуынша, Қарағанды облысында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған қызылшаны жұқтырған адамдар көбейген.
Жыл басынан бері 1756 адам қызылшаны жұқтырған. Ауруды жұқтыреандардың 98 пайызы екпе салмаған балалар болып шықты. Балалар соңғы 5 жылда екпе салмай келеді.
Бас санитардың айтуынша, балалардыің жаппай ауруына ата-аналары да кінәлі. Олар балаларына әртүрлі себептермен екпе салдырудан бас тартып жатыр.