×

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды

Оған қатысты сот шешімі шықты

 Динара Амантай 27.05.2024 | 12:46
Фото: Halyq Uni

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған. Онда аталған адам айналасындағыларға агрессивті мінез көрсетіп, полицейлерді балағаттаған.

Тәртіп сақшылары бұзақыны ұстауға ұйғарды.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары тарапынан көрсетілген кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптардың алдын алды. Біз әрқашан жанжалды жағдайларды барлық қатысушылар үшін ең аз тәуекелдермен шешуге тырысамыз, – дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама