Астана іргесіндегі ауылда үйлер мен аулаларды су басты

Дәурен Ерболат

Жағдай бақылауда

Скрин видео

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында нөсер жаңбыр салдарынан 2 үй мен 20 ауланы су басты, деп хабарлады ТЖМ.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында түнімен жаңбыр жауған. Салдарынан 2 жер үй мен 20 ауланы су басқан. Қазір үйлерден су сорылды.

Мамандар ауылда шамамен 700 метр арық қазып, 6 мыңға жуық текше метр суды сорған.

Жағдайды жергілікті әкімдік мен ауданның ТЖ бөлімінің мамандары бақылап отыр.