Өскемен тұрғыны танысын 115 млн теңгеге алдаған
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны танысын 115 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыс орталығының тұрғыны жергілікті ПД-ға алаяқтық жөнінде арызданған. Жәбірленуші 2020 жылы танысы кәсібіне қажет деген сылтаумен оны үлкен сомаға алдағанын хабарлаған. Ер адам әртүрлі бизнес түрлерімен айналысқысы келетінін яғни, қайта сату үшін автомобильдер сатып алу, металл өндіру үшін экскаватор сатып алу, азық-түлік жеткізетін фирманы, оны пайдалану үшін қымбат шетелдік машинаны сатып алатынын айтып, түрлі сылтаумен жәбірленушіден ақша алғаны белгілі болды. Сонымен қатар ол оған әйгілі брендтердің көшірмелерін сатуға көмектесуге уәде берген. Бірақ оларды өзі иемденіп алып, қайтармаған.
Қазір залалдың жалпы көлемі 114 миллион теңгеден асады. Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталды. Ол бұрын сотталған және осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазасын өтеп жатқан 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір полиция қызметкерлері тергеу шараларын жалғастырып жатыр.