Алматыда Төрегелді Шармановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Академик 95 жасына қараған шағында өмірден өтті
Президенттің тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановпен қоштасуға арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.
«Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті. Төрегелді Шарманұлы бүкіл ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға еді – Тоқаев.