×

Өзбекстандағы ән байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық көпшіліктің қолдауын күтеді

Асқар Мұқият - TheVoice жобасында Қазақстан атынан қатысып жатқан жалғыз әнші

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2024 | 17:30
фото: Асқар Мұқияттың жеке архивінен

Өзбекстанда өтіп жатқан халықаралық TheVoice ән байқауында Қазақстан атынан Асқар Мұқият сынды өнерпаз бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл жобада Өзбекстанның Халық әртісі Фарух Закиров, Өзбекстанның мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, танымал өзбек әншілері Севара Назархан мен Тахир Садыков қазылық етеді. 

Асқар Мұқият - TheVoice ән байқауында Қазақстан атынан бақ сынап жатқан жалғыз әнші. 

Ташкентте өтіп жатқан жобада Қазақстан атынан бақ сынап жатқан әнші Асқар Мұқият көпшіліктің қолдауы маңызды екенін айтты.

Халықаралық ән байқауына іріктеу 20 наурызда аяқталды, ал негізгі кезеңі сәуірде басталды.

АСҚАР МҰҚИЯТ

1994 жылы дүниеге келген. Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультетін тәмамдаған. Өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» жастар сыйлығы мен «Ұмай» ұлттық сыйлығының иегері.

2016 жылы Әсет Найманбаев атындағы әншілер арасындағы республикалық конкурстың бас жүлдесін, Мәди Бапиұлы атындағы III республикалық әншілер конкурсының бас жүлдесін, Естай Беркімбаев атындағы V республикалық әншілер конкурсының ІІ дәрежелі лауреат атағын жеңген.

2017 жылы халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері.

2019 жылы Өскеменде өткен Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың бас жүлдесін алған.

Одан бөлек, Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, композитор Мұратхан Егінбаевтың «Сәйгүлік» атты республикалық әншілер байқауының бас жүлдегері атанған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама