Қазір төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары басталып кеткен
Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Марқакөл ауданының Боран ауылында су тасқынына қарсы алдын ала шаралар жалғасуда. Құтқарушылар қап төсеп, жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен бөгеттерді нығайтып жатыр.
Өткен тәулікте инертті материалдар салынған 300 қап төселіп, ұзындығы 190 метр, биіктігі 1-1,5 м болатын қорғаныс үйіндісі жасалды. Қара Ертіс өзенінің су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде, – деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Су тасқыны: Атырау облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары Жайық өзеніндегі су деңгейін тәулік бойы бақылап отыр.