×

Алматы облысында Украина азаматтары құтқарылды

Туристер құтқарушыларды өздері шақырған

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2024 | 10:01
фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тауға шығып адасқан Украинаның екі азаматын құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысында осы түнде жоғалып өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге көмек көрсету үшін құтқарушылар тауға аттанды.

Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына барды. Олар жаяу Лесная асуына қарай көтеріліп, сол жерден адасқан Украина азаматтары – ер мен әйел адамды тапты, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Жастарға жылы киім мен шай беріліп, оларға қауіпсіз жерге түсуге көмек көрсетілді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады.

Тасқын, өрт, суға шомылу: Балаларды жазда қауіптен қалай қорғаймыз. Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды (ВИДЕО).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама