×

«Маскадағы адам» тағы бір отбасына пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Бұл отбасы осы күнге дейін пәтерді жалға алып тұрып келген

 Халық үні 25.05.2024 | 20:51
фото: видеодан скриншот

Ел ішінде «Маска таққан адам» деп танылып кеткен жігіт мұқтаждарды қуантуды жалғастырып келеді. Осы жолы ол тағы бір отбасына баспана мен автокөлік сыйлады. 

Маскадағы адамның Instagram-аккаунтында жарияланған видеода мүгедектігі бар ерлі-зайыптылардың қиын жағдайын байқауға болады.

Онда Мұрат есімді адамның өзі және әйелі бірінші топтағы мүгедек екені, екі бала тәрбилеп отырғаны баяндалған. Бұл отбасы осы күнге дейін пәтерді жалға алып тұрып келген.

Өзім көлікті жалға алып, такси қызметінде жұмыс істеймін. Әйелімнің көзі нашар көреді, - дейді Мұрат.

Танымал блогер аталған ерлі-зайыптылардың еміне қаражат беріп, пәтер мен автокөліктің кілтін табыс етті.

«Маскадағы адамның» парақшасында жұртшылық қайырымдылыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік алуы үшін тиісті реквизиттер жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама