Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратын ұрлағандар жазаланды

Қымбат Елтайқызы

Олар орталықтың қызметіне заңсыз араласқан

фото: sputnik/Айсулу Жумагулова

Биылғы сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру үкіміне кесілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сондай-ақ, олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енді.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Оған сәйкес, сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Семейде мұғалімдерге тестілеуден өтуге көмектескендер жазаланды. Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды.