Төрегелді Шарманұлы бүкіл ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға еді – Тоқаев
Ол – биік парасат иесі, деді президент
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті ғалым, академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған Ақорда жариялаған жеделхатта.
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті. Мемлекет басшысы Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар азаматты наградамен марапаттады. Кешкі алтыдан соң тамақтанбау: кім нені ескермей жүр.