×

Балалар колониясында соңғы қоңырау соғылды

Биыл мектепті 37 оқушы бітіреді

 Дәурен Ерболат 24.05.2024 | 17:45
Фото: polisia.kz

Еліміздегі балалар колониясында соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесінде №3 орта мектебі жұмыс істейді.

Биылғы оқу жылында мектепті 37 оқушы аяқтады. Оның ішінде 23 бала қазақ бөлімінде, 14 бала орыс бөлімінде білім алған.

27-31 мамыр аралығында 7-11-сыныптың оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады.

2023-2024 жылғы оқу жылында 10 бала 9-сыныпты аяқтағаны туралы және 8 бала жалпы орта білім туралы аттестат алады.

Сондай-ақ оқу жылының аяқталуына байланысты мектепте Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Білімім Отаныма» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама