×

Құранды үш жыл бойы қолмен жазып шыққан қандасымыз мешіттің ашылу салтанатына қатысты (ВИДЕО)

Жасы 90-ға келген каллиграф Сауд Арабиясында тұрады, ұлты – қазақ

скриншот: видео

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан каллиграф Шейх Осман Тоха (ұлты қазақ) Шымкент қаласына келіп, Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысты.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт ішінде бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ете алады. Ал, мешіттің кіреберіс алаңы 10 мыңға жуық адамға шақталған.

Қазақстан – жүрегінде Құранға деген махаббат бар халық екен. Осындай халықтың ортасына келгеніме қуаныштымын. Екінші қуанышым – бабамның кіндік қаны тамған жеріне алғаш рет келуім. Баршаңызға алғысымды айтқым келеді, - деді Шейх Осман Тоха.

Жасы 90-ға келген каллиграф Сауд Арабиясында тұрады, ұлты – қазақ. Ол 1934 жылы дүниеге келген. Әкесі – шейх Абдо ибн Хусейн Таха мешіт имамы және уағызшы болған. Каллиграфия ережесін сол әкесінен үйренген.

Шейх Осман Тоха Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама