Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда мал ұрлығы азайды

Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталды

 Динара Амантай 24.05.2024 | 12:10
Қазақстанда мал ұрлығы азайды
Фото: Halyq Uni

Мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу мақсатында Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері полиция мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты ұстады. Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталды. Олардың жартысы темір торға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалады.

Өңірлерде мал иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі.

Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып алушылар ұсталды.

Еске сала кетсек, 2019 жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» деген жеке бап енгізілді. Нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 32%-ға төмендеді. Мал ұрлығының алдын алу үшін ІІМ қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама