Ол 15 тәулікке қамауға алынды
Стендап-комик Нұрасхан Басқожаевқа ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жоғары сот баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қалалық соты қамауға алынған стендапер Нұрасхан Басқожаев екендігін растады. Әзілкеш сахнада тұрып белгілі блогерге қатысты балағат сөздер айтқан.