×

Ауруханаға түскен Мақпал Исабекованың қазіргі жағдайы белгілі болды

Өнер иесі көпшіліктен өзі үшін дұға етуін сұраған еді

 Халық үні 23.05.2024 | 20:50
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына қазіргі жағдайын айтты. Екінші сәбиіне аяғы ауыр әнші денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен болатын.

Мақпал Исабекова өзі үшін алаңдағана көпшілікпен желі арқылы тілдесті. Шоу-бизнес жұлдызы ауруханадан жаңа сурет жариялап, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.

Бәрі жақсы, бүгін жағдайымыз жақсарып қалды. Жылы сөздер жазып, өз көмегін ұсынып, қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз, - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама