×

Астанада тапаншамен ауаға оқ атқан адамға қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Күдікті «Думан» қонақ үйінің жанындағы «Салта» автотұрағында қару қолданған

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2024 | 16:54
Фото: Виталий Тимкив

Астана қаласының Полиция департаменті 21 мамырда тапаншамен ауаға оқ атқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Күдікті «Думан» қонақ үйінің жанындағы «Салта» автотұрағында тапаншамен ауаға оқ атқан. Ол видеоға түсіп қалған. Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері «Киа» автокөлігінің иесін тауып, оны қамауға алды.

Оқ аң аулауға арналған Glock тапаншасынан атылған. Қазір тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама