Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымына дайындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2024 | 15:30
Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді
Фото: Елена Бережная

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымына дайындықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналды. Осыған дейін Өзбекстанмен «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жөндеу және құрылыс жұмыстарымен айналысып жатыр. Мысалы, Шардара ауданында 302 тік дренажды ұңғыма жөнделіп жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорынның қарамағындағы 600 шақырымнан астам канал тазартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама