Бұл елді мекендерде халықтың саны 50 адамға да жетпейді
2023 жыл 3 өңірде 39 ауыл жабылды, деп хабарлады Kazinform.
«Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес, халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi.
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде әкiмшiлiк аумақтарды құру және тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды. 2023 жылы елімізде 39 ауыл қысқартылды, - деп жазылған Ұлттық экономика министрлігінің агенттікке берген жауабында.