Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды (ВИДЕО)
Тілсіз жау қоңырау түскен сәттен бастап 22 минутта сөндірілді
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, өрт сөндірушілер 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Өрт Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінен шыққан.
Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау қоңырау түскен сәттен бастап 22 минутта сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сонымен бірге бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында иесіз қалған жер үйден өрт шығып, оны құтқарушылар дереу сөндірді.
Өрттің себебі анықталуда.