Шымкент қаласынның көшелерінің біріне орнатылған бейнекамера алыстан марихуана шегіп, көлік жүргізген адамды түсіріп алды. Осы арқылы көліктің иесі, жүргізушінің аты-жөні анықталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер марихуана шеккен адамның көлігін бірден тоқтатқан.
Күдікті Kia Rio автокөлігін жүргізіп, марихуананы шегу үшін қолдан жасалған затты пайдаланған.
Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткіге масаң күйде болғанын растады.
Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлікті жүргізу құқығынан айырылды.