×

Петропавлда өрттен 95 жастағы қария зардап шекті

Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан 4 газ баллонын шығарды

 Динара Амантай 22.05.2024 | 15:23
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда өрттен 95 жастағы қария зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖм баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Петропавлдағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Жанудың салдарынан 95-жастағы ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан 4 газ баллонын шығарды. Өрт 80 шаршы метр аумақта жойылды.

Ведомство өкілдері төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама