Halyq Uni логотип
×

Алматы тұрғыны өз үйін есірткі ошағына айналдырған

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 22.05.2024 | 14:46
Алматы тұрғыны өз үйін есірткі ошағына айналдырған
Фото: polisia.kz

Алматы тұрғыны өз үйін есірткі ошағына айналдырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, есірткі ошағы Жетісу шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Үй иесінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полиэтилен байламдары, өсімдік тектес заты бар сіріңке қораптары, электронды таразылар табылды және тәркіленді. Ұсталғандар гашиш пен марихуананы жеке пайдалану үшін сақтағандарын айтқан. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама