Halyq Uni логотип
×

Құны 100 мың теңгеден басталады: Қазақстанда жыл басынан бері үш сәби сатылған

Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр

 Дәурен Ерболат 22.05.2024 | 13:00
Құны 100 мың теңгеден басталады: Қазақстанда жыл басынан бері үш сәби сатылған
көрнекі фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл Қазақстанда сәби сатудың 3 дерегі тіркелгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр елімізде адам сатудың 19 дерегі тіркелді. Қылмыстық істердің басым бөлігі тергелді. Сәби сату дерегі бойынша 16-17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Биыл Қазақстанда жаңа туған сәбиді сату бойынша 3 дерек тіркелді. Барлық қылмыс елімізде жасалған. Онда баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланған, - деді Марат Қожаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Қылмыстық кодекстің 135-бабында кәмелетке толмағандар саудасына барғандарды қандай жаза күтіп тұрғаны жайлы жазылған. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама