Батыс Қазақстан облысында зейнеткер ауыр қылмыс жасады
Ол 48 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрған әйелін ұрып-соғып, қылқындырып, өлтірген
Батыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталды.
Ол 48 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрған әйелін ұрып-соғып, қылқындырып, өлтірген.
Батыс Қазақстан облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық соты күдіктіні айыпты деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты, – деп хабарлады mgorod.kz.
Ақпарат порталының хабарлауынша, сот қылмыскерді жасын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырған.
Сот шешімі күшіне енді.