×

Шымкентте кәсіпкердің жері мемлекетке беріледі

Бизнесмендер жасыл белдеуді қойма үшін пайдаланғысы келген

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2024 | 10:03
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықтың өтінішін ескере отырып, жасыл белдеу аумағын өз орнында қалдыру бойынша тапсырма берді.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, бұл жер Игілік тұрғын алабы, Баба ата көшесінің бойында орналасқан. Жасыл белдеу кезінде кәсіпкерлерге қойма құрылысы үшін берілген. Бірақ, жергілікті тұрғындар мегаполис басшысымен кездесуде жасыл белдеу аумағын жеке адамдарға бермеуін сұрап, жасыл белдеуді орнында қалдыру бойынша өтініш білдірді.

Қала басшысының тапсырмасымен, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған жерге зерделеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, 1,4 га аумақтың нысаналы мақсаты «қойма жайлары және темір базасы құрылысын салу үшін», «Шебер Юг» ЖШС-не,«Шымкент құс» ЖШС-не және кәсіпкерге жеке меншік құқығымен рәсімделгені анықталды, – делінген хабарламада.

Алайда, бас жоспар бойынша жер учаскесі жасыл желек аумағында орналасқандықтан, мемлекетке беріледі. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде жасыл белдеуде ағаштар кесіліп жатқаны туралы ақпарат та тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Мәселені қала әкімі жеке бақылауында ұстап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама