×

Маңғыстау облысында тұрғындарға коммуналдық төлемдер негізсіз есептелген

Прокуратура кәсіпорындарға тексеру жүргізді

 Динара Амантай 22.05.2024 | 09:39
Фото: time.kz

Облыс прокуратурасы қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан монополия субъектілерінің қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау кезінде «Каспий жылу, су арнасы» МКК тарапынан жылу және сумен жабдықтау қызметтері үшін қала тұрғындарына коммуналдық төлемдерді негізсіз есептеу фактілері анықталды. Қызмет көрсетуші қызметтер нақты көрсетілмеген күндер үшін коммуналдық төлемдерді есептеген.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде 34 млн теңгеден астам сомаға 11 мыңнан астам дербес шоттар бойынша қайта есептеу жүргізілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама