Күдікті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
Облыстық ПД-ның жедел уәкілдері есірткі сататын интернет-дүкеннің қызметкерін ұстады.
Күдіктінің пәтерінен таблеткалар мен ұнтақ заттар бар бірнеше пакет тәркіленді. Полиция 960 грамм мефедрон, салмағы 50 грамнан асатын экстази, сондай-ақ «соль» деп аталатын 70 грамнан астам альфа-PvP есірткісін анықтады.
Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас жігіттің кінәсі сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.