Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында 70 шаршы метр алаңда бір қабатты жекеменшік балабақша шатыры жанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт болған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізген 7 жұмысшы эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт жойылып, оның шығу себебі анықталып жатыр.