Halyq Uni логотип
×

Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл жауапқа тартылды

Үш айда 40-қа жуық шенеунік жазаланған

 Динара Амантай 21.05.2024 | 16:47
Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыс әкімінің аппараты қызметін тексеру нәтижесінде азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заң талаптарының бұзылу деректерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 498-бабының 1-тармағымен өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комитеттің облыстық департаментінде атап өткендей, осы жылдың 1-тоқсанында тексерулер мен талдаулардың қорытындысы бойынша осыған ұқсас бұзушылықтар үшін 38 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 15-і түрлі деңгейдегі басшылар болды.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың шілдесінен бастап азаматтардың жолданымдарын қараудың ашықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ оларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ететін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама