Ақмола облысында криминалист саусақ іздерінен ауыр қылмысты ашты

Дастан Жұмабекұлы

Біз көзге көрінбейтін материалдарды тиянақты жинаймыз, - дейді Бақтияр Сүлейменов

Фото: polisia.kz

Көкшетау қаласының Полиция басқармасының криминалисі Бақтияр Сүлейменов саусақ іздері арқылы ауыр қылмысты ашты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицей 5 мамырда Көкшетау қаласында Л. есімді азаматты өлтіруі мүмкін деген күдіктіні саусақ іздері арқылы анықтаған.

Күдіктінің қол іздерін тексеру кезінде ауыр қылмыс ізін суытпай ашылды.

Бахтияр Сүлейменовтің айтуынша, криминалистің жұмысында ұсақ-түйек болмайды. Әрбір бөлшек маңызды және қылмыстарды ашуға көмектесуі әбден мүмкін. Оқиға орнында жұмыс істейтін криминалистің мойнына жүктелетін жауапты міндет – көзге көрінбейтін материалдарды тиянақты жинақтау.