Halyq Uni логотип
×

ІІМ академиясының тыңдаушылары науқас балаларға қан тапсырды

Келесі оқу орнының қалған 200-ге жуық тыңдаушысы акцтияға қатысады 

 Дастан Жұмабекұлы 21.05.2024 | 14:34
ІІМ академиясының тыңдаушылары науқас балаларға қан тапсырды
Фото: gov.kz/ Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының 60 тыңдаушысы науқас балаларға донор болды.

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары таңертеңнен бастап қалалық қан орталығына келіп, науқас балаларды, соның ішінде көліктердің соқтығысып, аударылуынан зардап шеккен балалардың емдері үшін қан тапсырды.  

Осылайша, олар зардап шеккен балаларға көмек көрсетіп, қолдау мақсатында Қазақстандағы қан донорларының қатарын толықтырды.

Біздің полицияның тәжірибесінде мұқтаж адамдарға қан тапсыру кеңінен қолданылады. Әсіресе, егер бұл біздің балаларымызға қатысты болса міндетті түрде тапсырамыз.

Полицейлер күн сайын әртүрлі оқиғаларға тап болады. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сондықтан олар қажетті көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Біз бұл акцияны балаларды қорғау күніне орайластырдық. Осындай бастама көтеріп, қызметтік және азаматтық борышын өтеген  тыңдаушыларымызды мақтан тұтамыз, – деді ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Жанат Ділбарханова.

Келесі кезеңде, осы қайырымдылық акциясына академияның қалған 200-ге жуық тыңдаушысы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар да донор болуға ниет білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама