33 жастағы ер адам бір өзі үш автокөлікті ұрлап, екі пәтерді тонаған
Алматы қаласында үш адамның ұрланған көліктері қайтырылды.
Қалалық Криминалдық полицияға сілтеме жасаған Polisia.kz-тің хабарлауынша, 33 жастағы ер адам үш ұрлыққа және екі пәтерді тонаған деген күдікпен ұсталды.
Күдіктінің екі пәтер тонауға қатысы бар екендігі белгілі болды. Ол ұрлық жасамас бұрын бөтен адамдардың үйіне кіріп, көліктің кілтін ұрлаумен айналысқан. Күдікті қазір қамауда. Оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.