×

БҚО-да ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізі тәркіленді

Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 21.05.2024 | 13:03
Фото: polisia.kz

БҚО-да полиция ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ПД Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында аудан тұрғынының гаражына тінту жүргізген. Ол жерден ақбөкеннің 226 мүйізін тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталып, олардан 13 атыс қаруы, 4 есірткі заты, 5 оқ-дәрі және 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді. Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 366 азамат оқшауланып, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам жеткізілді. Сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 8 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, – делінген полиция хабарламасында.

 Аталған іс-шара барысында 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 435 ұсақ бұзақылықтың, 491 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүрудің жолы кесілді. Сондай-ақ, көлікті масаң күйде басқарған 73 жүргізуші ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама