×

«Оянып кетті өтірік намыстарың»: Атышулы даудан соң Shiza жаңа рэп жазды

ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған оқиға үшін кешірім сұраған еді 

 Ая Өміртай 03.06.2022 | 16:05
Фото; ашық дереккөз

Концерт кезіндегі бейәдеп әрекеттері үшін сынға қалған Shiza тыңдармандарына арнап жаңа рэп шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ирина Кайратовна» мен Shiza-ның концерті өткен еді. Топ мүшелері сахнада Қазақстанның мелекеттік рәмізі – Туға құрметсіздік танытып, сахнада балағат сөздер айтқаны үшін тыңдармандар тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Ал қазір Shiza ұсынған тректің атауы – «Number one dushpan» деп аталады.

Негізі қалай болды, не болды, адамдар оны қалай түсініп қалды – кейін толығарақ айтып берем, – деп жазды ол инстаграм парақшасына.

Сондай-ақ мән-жайды «Еркекті құртатын арақ-шарап, ертеңді ойлап істеу керек екен амал-шара. Еркектің жолы ауыр, еркектің жолы дара», деп ән мәтінінде түсіндіруге тырысқан.

Белгілі болғандай, ол туды көрерменге табыстағысы келгенмен, ойын дұрыс жеткізе алмаған көрінеді.

Көрерменге бергім келді табыстап. Оянып кетті өтірік намыстарың, – деп жалғастырады әнін одан әрі.

Қалай ақталса да осы даудан соң Shiza лақап атымен танылған өнерпаз Асхат Долшиев бірнеше концерттен шеттетілді. Алдымен Түркістандағы концертке, кейін 11 маусымда өтетін BEU Fest-ке рэпердің қатыстырылмайтынын ұйым өкілдері хабарлады.

Айта кетелік, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасына туды аяқасты етуге жол бермеу керектігін, сондай-ақ Shiza-ның әрекеті тексерілуі керектігін айтып, пікірін  жазған еді. Бұл ретте ол «Ирина Кайратовна» тобының мүшелерімен кездесіп, араласып жүргендіктен бе, оларға қатысты үнсіз қалуды жөн көрді.

Ал аталған топтың режиссері Қуаныш Бейсеков президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамына кірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама