Күдікті бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, ақшасын алған
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынды жер алып беремін деп 3 млн теңгеге алдаған адамды ұстады.
Күдікті 32 жастағы ер адам болып шықты. Ол бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, жәбірленушіні арзан бағаға жер сатамын деп сендірген. Әйел кісі бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 млн теңгені санап берген.
Қүдікті ақшаны алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап бермей, ақшаны қайтармаған.
Қазір ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.