Онда тыйым салынған заттар жарнамаланған
Маңғыстау облысында прокуратура 16 Telegram арнасын бұғаттады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратура әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізген. Осылайша, өңірде Telegram арқылы жалған купюралар, қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттарды сату сияқты заңсыз деректер анықталған.
Прокурорлар цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, 16 Telegram арнасын бұғаттады.